TURAN FOUNDATION ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА

 

          Дайындық факультеті 9-10-11-ші сынып оқушыларына ағылшын тілінен теориялық және тәжірибелік дайындықты келесідей элективтік курстар бойынша жүзеге асырады:

  • Introduction to Computer & Science Programming (Бағдарламашының бастауыш деңгейінен жалғастырушы деңгейіне дейін)
  • Leadership and Motivation (Көшбасшылық және уәждеме)
  • Business planning (Жоспарлау бизнесі)
  • Authentic materials in learning English (Ағылшын тілі)
  • International Relations and Multilateral Diplomacy (Халықаралық қатынастар және елшілік)
  • Business Communication (Іскери ағылшын тілі)
  • Practical Psychology (Тәжірибелік Психология)
  • Web design (Web дизайны)

Сонымен қатар бейінді пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, Математика, Физика және География.

ҰБТ пен КТ-ге дайындық курстары «Innovation» ғылыми-білім беру орталығы базасында.

              Оқу үрдісін көпжылдық тәжірибесі бар университеттің және қаланың жоғары кәсіби оқытушылары, профессорлары, MBA, ғылым кандидаттары мен магистрлары қамтамасыз етеді. Оқытушылар өз жұмыстарында тілді және элективтік курстарды үйретуде жаңа әдістерді қолданады, оқытудың ұзақтығына, сағат санына байланысты оқу материалдарын және презентация тәсілдерін мұқият таңдайды.

              Факультет британ университеттерінің магистр дәрежесі бар тәжірибелі оқытушыларымен және шетел оқытушыларымен TOEFL, IELTS емтихандарына дайындық өткізеді, сонымен қатар TOEFL емтиханын тапсыратын ресми тест-орталығы ретінде барлық қатысқысы келетін тұлғалардан емтихан қабылдайды.

 

ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

Дайындық факультетіне қабылдау түсу емтиханынсыз жүзеге асырылады.

Оқу мерзімі 01 қыркүйектен 25 мамырға дейін (9 ай).

Демалыстар орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай беріледі.

Құжаттар тізімі:

1. Ректордың атына жазылған өтініш.

2. Денсаулығы туралы анықтама.

3. 3х4 мөлшердегі алты фото.

 

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА

           Дайындық факультеті шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтарына қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді: шет тілі ретінде қазақ және орыс тілдерін үйрету, жалпы білім беру циклінің пәндерін, сондай-ақ элективтік курстар бойынша оқыту.

Негізгі пәндер:

•          Қазақ, орыс тілдерінің тәжірибелік курстары (фонетика, грамматика, сөйлеуді дамыту).

•          Қазақстан тарихы мен мәдениеті.

•          Бейінді пән.

Төмендегі бағыттар бойынша оқытылады:

•          Экономикалық.

•          Гуманитарлық.

•          Техникалық.

 

ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ

Дайындық факультетіне емтихансыз түседі: .

Оқу мерзімі:  1 қыркүйектен 1 шілдеге дейін

Демалыс: 2 апта – қысқы демалыс, 2 ай (шілде, тамыз) – жазғы демалыс.

Оқу түрі: күндізгі

Құжаттарды қабылдау: мамырдың 15-нен 31-не дейін.

 

Құжаттар тізімі:

  • Ректордың атына өтініш.
  • Төлқұжаттың (жеке куәліктің) көшірмесі.
  • Аттестат қосымшасымен, орыс тіліне аударылған, нотариуспен расталған әрі ресми ресімделген.
  • Денсаулығы туралы анықтама.
  • Шет тілді тапсырғандығы туралы сертификат (TOEFL және басқа).
  • 3х4 мөлшердегі алты фото.

 

ТҰРАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕСІГІ БАРШАҢЫЗҒА АШЫҚ!

 

БАРЛЫҚ САУАЛДАР БОЙЫНША МЫНА ТЕЛЕФОНДАРҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР: 260-40-00 ішкі 823.