Бiз туралы

      Жоғары, орта кәсіби және орта оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының және қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі ретінде «Тұран» білім беру корпорациясының басты мақсаты – шығармашылық әлеует, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырылған қорлар негізінде әртүрлі бағыттардың сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін білім, құзырет және кәсіби дағдыларды жинақтаудың бірегей ықпалдасу ортасын құру.

     «Тұран» білім беру корпорациясы үзіліссіз ұстанымдарды және көпсатылы білім беруді қамтамасыз ететін, біртұтас кешенді білдіреді, және де өзіне мына төмендегіні қосады:

·     2 университетті (Алматыда және Астанада);

·     3 колледжді (Алматыда және Астанада);

·     мектеп-лицейді (Алматы);

·     «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешені. 

 

    «Тұран» университетінде студенттер мемлекеттік гранттармен және университет ректорының гранттары бойынша оқи алады. Оқу озаттары қазақстандық және шетелдік компаниялардың және ұйымдардың стипендиясына үміттене алады. Мұның бәрі студенттерге олардың келешекте жұмысқа тұруына және қазіргі қоғамның бәсекелестік ортасында даму үшін сапалы білім беруге мүмкіндік береді.    

    «Тұран» университеті 1992 жылы Алматы қаласында құрылған және тіркелген және білім беру корпорациясының өзегі болып табылады.  «Тұран» университеті бакалавриаттың 25 мамандығы, магистратураның 15 мамандығы, PhD докторантурасының 3 мамандығы бойынша ең сұранысқа ие бағыттағы үш факультет бойынша даярлықты іске асырады: экономикалық, гуманитарлық-заң және «Кино және телевидения академиясы» факультетінде.