Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

Cтуденттік өмір

  1. /
  2. Cтуденттік өмір

Студенттік өмір

«Тұран» университетінде бастамашылары және креативті идеялардың қозғаушылары студенттердің өздері болып табылатын, академиялық, қоғамдық, шығармашылық, спорттық өмір белсенді түрде жүргізіледі. Университет cтуденттердің кәсіби қалыптасуы үшін, олардың шығармашылық, кәсіпкерлік әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдай жасайды, Қазақстан Республикасы шеңберінде де, сонымен қатар шетелде де жастардың қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы байланыстарды нығайтуға көмегін береді.

Жыл бойына оқуда және ғылыми қыметте белсенділік танытқан, ең жақсы нәтижелер көрсеткен студенттер, «Жыл студенті» құрметті атағына ие болады, ал қоғамдық өмірде белсенділік танытқан студенттер «Жыл белсендісі» номинациясын алады. Ең таңдаулы студенттік ұйымдар жыл сайын «Жылдың үздік ұйымы» атағы үшін күресетін болады.

Ең үздік студенттердің ішінен таңдаулылары қаланың сәулетті мейрамханаларына ректормен кешкі ас ішуге шақырылады. Мұндай «Тұран» университетінің ректорымен «галстуксыз» өтетін кедесулер студенттерді қызықтыратын тақырыптарына сөйлесуге, Рахман Алшанұлының ақыл-кеңестерін тыңдауға, сонымен қатар тәлім және орасан зор күш-қуат алуға мүмкіндік береді.

Әр ай сайын университеттің жастар ісі жөнінде Комитеті жастар бір-бірін жақынырақ білуге, бір командада жұмыс істей білуді үйретуге мүмкіндік беретін, «Тау-Тұран» лагеріне сапарға шығуды ұйымдастырады, көңілді тимбилдингтер өткізеді. «Тұран» университетінің белсенділері жан-жақты дамуы үшін әр облыстардан шақырылған мамандармен тренингтер және мастер-сыныптар  ұйымдастырылады. Соңғы жылдары студенттер Анара Батырхан (актриса), Баян Есентаева (продюсер, актриса, жүргізуші), «Mezzo» тобы, Али Окапов (орындаушы), Нуртас Адамбаев (актер, режиссер, продюсер), Кайрат Кудайберген (кәсіпкер), Максат Мамраимов (актер, сценарист), Максим Акбаров (актер) және басқалары секілді тұлғалармен кездесулер өткізді.