Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

Экономика факультеті

  1. /
  2. Факультеттер және кафедралар
  3. /
  4. Экономика факультеті

Экономика факультеті

Экономика факультеті университеттің құрдасы болып табылады және 1992 жылы құрылған.

Бүгінгі күні экономика факультеті – экономика және бизнестің барлық саласы үшін кадрлар даярлау бойынша жетекші білім беру орталықтарының бірі.

Факультет еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап бере алатын және ең үздік әлемдік білім беру стандарттарына сай бәсекеге қабілетті, жоғарыбілікті мамандарды даярлайды.

Факультетте оқытудың дәстүрлі ерекшеліктері — кәсіпкерлік дағдыларды және басқару құзыретіліктерін қалыптастырумен іргелі теориялық білім беруді үйлестіру.

Факультет маманды даярлаудың толықтай білім беру циклімен қамтамасыз етеді: бакалавр – магистр – доктор PhD үш тілде оқыту: мемлекеттік, орыс және ағылшын.

Факультетте:

– ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларының мектебі қызмет етеді –STEM («Turan School of Economics & Managament»)

–  МВА және DBA бизнес-білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады

– 6D050600 «Экономика» және 6D050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңестің жұмысы іске асырылады

Факультеттің білім беру бағдарламалары

Оқытушылық құрам

Факультеттің профессор–оқытушылар құрамында экономика саласында және мемлекеттік органдарда тәжірибе жинақтаған көрнекті ғалымдар, жоғары мектептің тәжірибелі оқытушылары (профессорлар, доценттер), бизнес өкілдері (150 адамнан аса) адам бар.

Олардың арасында – белгілі мемлекеттік қайраткерлер:

Университеттің ректоры Р.А.Алшанов – «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.,  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Халықтар достығы» ордендерінің, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР білім беру ісінің үздігі» атақтарының иегері.

Қазақстан Республикасы қаржы және бюджет жөнінде Комитеттің төрайымы Г.Д.Карагусова – э.ғ.д.,профессор, «Парасат», «Ынтымақтастық», «Барыс» ІІ дәрежелі ордендерінің иегері

ҚР Президенті Мұрағатының директоры Б.А.  Джапаров – «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., «Құрмет» орденінің, «Ы. Алтынсарин» төс белгісінің иегері

ҚР қаржыгерлер Қауымдастығы Кеңесінің Құрметті төрағасы С.А.Аханов – «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері

«НК АСТАНА ЭКСПО-2017» АҚ басқармасының төрағасы

А.С. Есимов. – э.ғ.д., «Тұран» университетінің Құрметті профессоры

Факультеттің оқытушылары өздерінің кәсіби және көпшілікке танылған жоғары деңгейлерін растайды.

Олардың арасында:

– үкіметтік және ведомстволық марапатқа лайықтылары;

– «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атақтарының иегерлері;

– «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталғандар;

– «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ мемлекеттік грантының иегерлері;

– К.Тұрысов атындағы жас ғалымдарға ҚР ҒЗА сыйақысының және «Жас дарынды ғалымдар» стипендиясының иегерлері;

 ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңестерінің мүшелері.

Дағдыларды және құзыреттіліктерді қалыптастыру шақырылған тәжірибелілер жүргізетін, практикалық сабақтарда жүзеге асырылады: ірі компаниялардың және ұйымдардың басшылары, маркетинг, логистика, менеджмент, ақпараттық технологиялар саласының жетекші мамандары, сонымен қатар банктердің, сақтандыру компанияларының, биржалардың мамандары, аудиторлық компаниялардың директорлары, сертификацияланған есепшілер және аудиторлар.

Факультеттің білім алушыларының бизнес ұйымдарының әлемдік тәжірибелерімен танысуға мүмкіндіктері бар.

Факультеттің жиі қонақтары шақырылған шетелдік профессорлар болып табылады:

Факультеттің кафедралары «Үштік шиыршық» халықаралық қауымдастығының және кәсіби қауымдастықтардың мүшелері болып табылады:

– «Қаржы» кафедрасы – Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығының мүшесі;

– «Маркетинг және логистика» кафедрасы – Қазақстандық маркетинг  Қауымдастығының мүшесі;

– «Есеп және аудит» кафедрасы – Қазақстан Республикасы кәсіпқой есепшілер Палатасының, сертификацияланған көпшілік есепшілер Еуразиялық институтының серіктесі;

– «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы – Microsoft IT Academy мүшесі.

Факультеттің түлектері  Қазақстанның барлық облыстарында және шетелдегі беделді компанияларда және негізгі ұстанымдардағы банктерде жұмыс істейді және олардың мақтаныштары болып табылады.

  • Мирзагалиев М.М. – ҚР энергетика министрінің орынбасары
  • Абдраим Б.Ж. – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР заң ғылымдары Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор
  • Сулейманов Адиль – Pony Express Russia, CEO Pony Express Kazakhstan бизнесті дамыту жөнінде директоры
  • Нурлан А.О. – Қазақстан Республикасы кәсіпқой есепшілер Палатасы директорлар кеңесінің төрағасы
  • Маргацкий Р.В. – Schildershoven Finance Голландық инвестициялық компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Селезнева И.В. – экономика ғылымдарының докторы, университеттің «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі дүркін иегері (2009, 2014 жж.)
  • Ким Т.Ф. – сертифицияланған аудитор, «Rodl&Partner» аудиторлық компаниясының бас директоры
  • Абдуллаев Дос Али – «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржы жөнінде басқармасы төрағасының орынбасары
  • Букенов Н.А. – «Softuna» ЖШС директоры
  • Джасупова Камилла – «Dasmart» компаниясының медиажоспарлау жөнінде тобының жетекшісі.

Серіктестер

Бідің стратегиялық серіктестеріміз:

 Университеттер

  1. London School of Marketing (Ұлыбритания, Лондон қаласы),
  2. University of Applied Sciences (Германия)
  3. М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей, Мәскеу қаласы),
  4. Экономический Университет (Болгария, Варна қаласы).
  5. Шяуляй университеті (Литва)
  6. Graduate School of Management in Barcelona (Испания, Барселона қаласы)
  7. University of Kuala Lumpur (Малайзия, Куала-Лумпур қаласы)
  8. Богемия Орталық университеті (Чехия, Прага қаласы)
  9. Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті (Ресей, Санкт-Петербург қаласы)
  10. Экономика және антидағдарыстық басқару Институты (Ресей, Мәскеу қаласы)
  11. Istanbul Arel University (Түркия, Стамбул қаласы)
  12. University of Pécs (Венгрия, Будапешт қаласы)

Жетекші  технопарктер

  1. «Skolkovo» (Мәскеу, Ресей)
  2. Almaty Tech Garden (ПИТ «Алатау»)
  3. ID-Group халықаралық кәсіпкерлік академиясы

Білім алушылар алмасу бағдарламаларының (академиялық ұтқырлық аясында) және жоо – серіктестерімізбен қосдипломды бағдарламаларының қатысушылары бола алады.

econom-partn

Факультет заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған: бес түлектер шығарушы  кафедралардың мамандандырылған кабинеттері, оқу дәрісханалары, лингафонды кабинеттерді қосқанда, мультимедиялық жабдықтарымен компьютерлік сыныптар, жинақталған оқыту бағдарламалары, smart class Samsung, CISCO зертханасы, Bloomberg зертханасы.

Деканат басшылығы

Біздің байланыстарымыз:
«Тұран» Университеті,
Алматы қаласы, Сатбаев көш., 16-18, 18а
(Желтоқсан көшесінің қиылысы), офис 311
тел.: +7(727) 260-40-09 (ішкі.709, 751)