Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

«Тұран» университеті 25 жылдығын атап өтті!

«Тұран» университеті 25 жылдығын атап өтті!

2017 жылдың 6 қазанында Республика сарайында «Тұран» университетінің 25 жылдығына орай мерекелік салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы, Мәжіліс депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлы, ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, сондай-ақ мемлекеттік құрылым, қоғамдық ұйымдар өкілдері, алыс және жақын шет елдердегі «Тұран» университетінің серіктестері қатысты.

«Тұран» университеті 1992 жылы құрылған және Қазақстан мен Орталық Азияда мектеп-лицей – колледж – бакалавриат – магистратура – докторантураны қамтитын толық білім беру циклі бар ең ірі мемлекеттік емес оқу орны.

Университет 25 жыл ішінде 27 мыңнан астам мамандарды дайындады, олар экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтылған, мемлекеттік және дипломатиялық қызметтерде, банк және қаржы салаларында, өндіріс, коммерциялық, заң, туристік фирмаларда және басқа елдерде жұмыс істейді.

«Қазіргі таңда Республика сарайы – маңызды  мемлекеттік шешімдер қабылданған тарихи орын, ал бүгін «Тұран »университеті осы залда 25 жылдық мерейтойын атап өтуі, – елеулі  оқиға. Осы жылдар ішінде «Тұран» университеті сапалы білім беретін және инновацияларды дамыту бойынша кең ауқымды шараларды қолдайтын еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі ретінде қалыптасты. Мысалы, осындай табысты шаралардың бірі «Тұран» университетінің базасында өткен « Open Innovations Startup Tour 2017» болды. Біздің елімізде осындай жоғары оқу орны бар екенін мақтан тұтамыз », – деген сөздермен Алматы қаласының әкімі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы «Тұран» университетін құттықтап, университеттің үздік қызметкерлеріне құрмет грамотасын табыс етті.

Сондай-ақ, қала әкімі экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшановичке алғысын айтты.

« Құрметті Рахман Алшанович, Сіз қаланы дамытуға байланысты мәселелерді шешуге зор үлес қосып отырсыз.Сіз даму жолымен алып келе жатқан, осы университет үшін ғана емес, сонымен қоса Сіз Алматы қаласының Мәслихат депутаты, Қоғамдық Кеңестің төрағасы ретінде де біздің еліміздің ең ірі мегаполисінің дамуына өз үлесінізді қосқаныңызға үлкен алғысымды білдіремін».

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлы құттықтау сөзінде атап өтті:

«Тұран» университетіне Қазақстанның жоғары оқу орны жүйесінде өзінің бірегей орнын табуға, еліміздің тұрғындары үшін беделді және көз тартарлық жаңа типтегі білім беру корпорациясын дамытуға жағдай туғызған стратегиялық көрініс секілді сапа сирек кездеседі. Алматыда 38 жоғары оқу орны бар, биылғы жылы түлектердің 11 пайызы «Тұран» университетінің студенттері болуы ең жоғары және феноменді нәтиже. «Тұран» университеті материалдық-техникалық базаны, аудиторияларды, конференц-залдарды бара-бара нығайтуда және жетілдіруде, заманауи технологияларды енгізуде.

Университет әрбір мұғалімге, қызметкерге, университеттің студентіне жайлылық жағдай туғызған, ортақ іске, командалық рухқа жеке үлес қосуына ынталандыратын және жеке жетістіктерге қолдау көрсете алатын ұжым үшін ең маңыздыны құру және тарату арқасында өзінің бірегей және таптырмайтын ғылыми-зерттеу, білім беру, баспа, зияткерлік өнімдерін құрды.

«Тұран» университетінің ұжымына үнемі біздің қаламыздың білім беру жүйесінде алдыңғы қатарында болуына, тұтас елімізді жаңа деңгейге көтеруге, мамандар мен элитаның жаңа буынын ойдағыдай қалыптастырға, мемлекеттің, бизнес пен мәдениеттің әлеуетін барынша көтеруге тілек білдіргім келеді». Университеттің әрбір қызметкеріне және студентіне жеке табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз ».

Іс-шара барысында эстрада жұлдыздары, лицей оқушылары, студенттер музыкалық және би нөмірлерімен «Тұран» университетін құттықтады.

СМИ:

http://lenta.inform.kz/ru/bauyrzhan-baybek-pozdravil-studentov_a3072568

http://almaty-akshamy.kz/wp-content/uploads/2017/10/117.pdf


Share