Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

Ректор блогы

  1. /
  2. Ректор блогы

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Бүгінгі таңда «Тұран» құрамында лицей, колледж және университетті қамтитын  үлкен білім беру корпорациясы. «Тұран» инновациялық – кәсіпкерлік жоғарғы оқу орны көпжылдық дәстүрін сақтаған және білім саласындағы жаңа  трендтерді дамытып жатқан, еңбек  нарығында талап етілген зерттеу, жобалық және кәсіптік  қызметті үйлестіре жұмыс жасай алатын жоғары кәсіби мамандарды даярлауда жылдар бойы үлкен тәжірибие жинадық. Жоғары сапаға біз қарапайым жолмен жетеміз: білікті оқытушылар заманауи оқу бағдарламалар негізінде сабақ жүргізеді, ал студенттер жайлы жағдайда білім алады. Ыңғайлы білім алу жағдайына, яғни интерактивті тақтамен жабдықталған жайлы дәрісханалар және кәсіби техникамен қамтылған зертханалар, WI-FI қосылған компьютерлік сыныптар, сонымен қатар әрдайым жаңа әдебиеттермен толығып тұратын кітапхана кіреді.

Университет халықаралық білім беру кеңістігінің бөлігі болып табылады. Студенттердің академиялық ұтқырлығы, оқытушылардың шет елде машықтануы, халықаралық шараларды бірлесе ұйымдастыру – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. АҚШ, Ресей, Германия, Украина, Малайзия секілді бірқатар шетелдік университеттермен халықаралық білім беру серіктестік жүйесінің тиімділігінің арқасында біз қазақстандық дипломмен қатар шетелдік серіктес ЖОО-ның дипломын алуға мүмкүндік туғызамыз. Студенттеріміздің халықаралық деңгейде даярлығын қамтамасыз ету мақсатында шетел университеттерінің жетекші профессорлары  дәріс оқиды.

Студенттік өмір тек оқумен шектелмейді. Сол себепті университет студенттерімізге «тұрандықтардың» өміріне тереңірек бойлау үшін дәстүрді тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, барлық инновациялардан хабардар болуға бағыттайды. ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару бойынша  Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыстарын ойдағыдай атқарып жатыр.  Қазіргі таңда университетімізде кәсіби дәрежедегі КТК, «Сириус» интеллектуалды пікірсайыс клубы, «Медео» туристік клубы  және өзге де ғылыми, спорттық үйірмелер бар.  Жастар арасында кеңінен танымал «Мистер және Мисс «Тұран», «Битва за «Туран» атты сайыстарды жыл сайын өткізу жақсы дәстүрімізге айналған.  Сонымен қатар студенттердің халықаралық бизнес-жобалар сайысына қатысуға мүмкіндік беретін «Enactus Turan» тобының жұмысын ерекше атап өтуге болады.

Университет қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі, бірегей тәжірибесі және тиімді ғылыми білімі университеттің дамуында тұрақтылықты ұстап қана қоймай, соңғы жылдары бірнеше қадам ілгері басуға үлкен септігін тигізіп отыр.

э.ғ.д.,ректор
профессор Р.А. Алшанов

rector-turan
Ректорға сұрақ