Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

Оқу үдерісі

  1. /
  2. Оқу үдерісі

«Тұран» университетінде білім алу күндізгі оқу және сырттай оқу (дәстүрлі немесе қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша) түрінде жүргізіледі.

Үшдеңгейлі оқу бағдарламасы (ОБ) жүзеге асырылуда, атап айтсақ, бакалавриат (сонымен қатар қысқартылған ОБ, яғни жоғары білім негізіндегі 2 жылдық оқу; орта кәсіби білім негізіндегі 3 жылдық оқу), магистратура және докторантура.

«Тұран» университеті білім алушылардың гендеріне, ұлтына, нәсіліне, дініне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең дәрежеде білім алуды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдайлар қарастырылған.

Оқу бағдарламасының мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеттелген оқу стандарттарына сәйкес жасалынған және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. ОБ міндеттелген компоненті негізінде үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламалары арқылы айқындалады, элективті компонент жұмыс берушінің талаптары және білім алушыларға оқу қажеттіліктері мен білім саласындағы даму трендін есепке ала отырып, кафедрамен жасалынады. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі ағымдағы оқу жылында меңгерілген теориялық және әртүрлі қосымша оқыту түрлерінің аясында кредитпен өлшенеді. Білім алушыларға сәйкес академиялық дәрежені алу үшін қажетті кредиттер санын меңгеру тиіс. Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 4 жыл (жеделдетілген бағдарламалар бойынша 3 немесе 2 жыл); магистратура бағдарламасы бойынша ғылыми және педагогикалық бағытта 2 жыл; бейінді оқыту бағытында 1 немесе 1,5 жыл. PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 3 жылды құрайды.

Оқу процесі екі құрамдас бөліктен тұрады:

  1. академиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмыстары;
  2. тәжірибелік білімдер мен дағдыларды, кәсіпкерлік тәжірибені, инновациялық қызметтегі тәжірибені табыстау.

Оқу жоспары 4 модульдік блоктан тұрады.

  1. Жалпы модульдерді тікелей мамандықтармен байланыспайтын, жалпы білімдік құзыреттілікті, сонымен қатар әлеуметтік-этникалық, мәдени құзыреттерді, ұйымдастырушылық-басқарушылық және кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыратын жалпы білімдік пәндер (ары қарай ЖБП) мен негіздік пәндер (ары қарай НП) циклі қамтиды. Әр оқу жылында кәсіпкерлік дағдыларды меңгеру үшін жылына 5 кредиттік көлемді қамтитын кәсіпкерлік модульді оқып біледі. Магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша жалпы модульдерді НП циклі қамтиды.
  2. Мамандықтар модулін мамандықтар негізін құрайтын және жалпы кәсіби бағытты қалыптастыратын және нақты бағдарламалар аясындағы арнайы құзыреттерді, сонымен қатар жалпы құзыреттерді құрайтын НП циклі мен бейінді пәндер (ары қарай БП) қамтиды;
  3. Қосымша модульдерді біліктіліктердің аясынан тыс, мамандықтарға қатысы жоқ және қосымша құзыреттер бағытында қалыптасатын (ақпараттық технологиялар, шет тілдері және т.б.) пәндік циклдер қамтиды;
  4. Қосымша оқу түрлері:
  • бакалавриат бағдарламасы бойынша – кәсіби іс-тәжірибе (оқу, өндірістік және диплом алдындағы) және дене шынықтыру. Оқу жылы кәсіби тәжірибемен аяқталады. Жалпы оқу кезеңіндегі ең қысқа тәжірибенің көлемң – 8 кредит;
  • магистратура бағдарламасы бойынша – магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу мен тағылымдамадан өтуді қоса алғандағы ғылыми және педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысы (бейіндік бағыттағы эксперименттік-зерттеу жұмысы); ғылыми және педагогикалық бағыттағы (бейіндік бағыттағы өндірістік тәжірибе) педагогикалық және зерттеу тәжірибесі;
  • докторантура бағдарламасы бойынша – докторлық диссертацияны, тағылымдаманы қосқандағы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы; педагогикалық және зерттеу тәжірибесі.

Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, демалыстан және тәжірибеден тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.

Академиялық кезең 15 аптадан тұрады. Аралық аттестаттау кезеңінің ұзақтығы 1 аптадан кем болмауы тиіс. Әрбір академиялық кезеңнен соң білім алушыларға демалыс беріледі, сонымен қатар оқу жылындағы демалыс уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы тиіс.

Жазғы семестрдің (бітіруші курсын алып тастағанда) ұзақтығы қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты өтеу үшін, оқу пәндерін меңгеру және басқа жоғары оқу орнындағы студенттің өзінің оқу орнындағы кредиттерді қайта санауды меңгеру, орташа балдық үлгерімін (GPA) жоғарылату үшін 6 аптадан кем болмауы тиіс.

Инновациялық-кәсіпкерлік типтес университет

«Тұран» инновациялық-кәсіпкерлік типтес университеті мекемесінің басты принципі – қызметтің үш базалық түрін, атап айтқанда ғылыми зерттеуді (білімді алу), білім мен тәрбиені (білім мен іскерлікті табыстау, құзыреттіліктің қалыптасуы) және инновацияны (білімді қолдану) үйлесімді біріктіру.

Университетте белсенді түрде кәсіпкерлік мәдениет қалыптасуда. Бұл мәнмәтінде университетте білім беру, ғылым мен әлеумет саласындағы қызметкерлерді, оқытушылар мен білім алушыларды инновациялық қызметке тарту мақсатында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жыл бойы жобалардың байқауы ұйымдастырылады. Үздік шыққандары Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР БжҒМ және шет елдің байқауларына қатысады. Келешегі бар ерекше жобалар стартаптарды құру мақсатында университет грантын ұтып алады. Кейбір жобаларды студенттерге кәсіпкерлік қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісу үшін оқытушы-фаундерлер басқарады. Стартаптардың көпшілігін студенттер өздері жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік рухтың қалыптасуына ең жақсы жағдайлар жасау үшін және жас кәсіпкерлердің табысқа жетуі үшін университетте бизнес-инкубатор пайдаланылуға берілген.

Білім алушылардың инновациялық әлеуетін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «TURAN ENTREPRENEURSHIP» атты жазғы және қысқы кәсіпкерлік мектеп жұмыс жасайды. Мектептің ұйымдастырушылары – «Тұран» университеті, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі, «ЭлтексАлатау» ЖШС, Қазақстандық маркетинг ассоциациясы, «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешені. Мектептің мақсаты – кәсіпкерлік қызметті нәтижелі тиімді өмірлік стратегия ретінде насихаттау. Барлық адамдарға  инновациялық-кәсіпкерлік құрылымдарды және олардың ықпалымен өткізілген іс-шараларды тамашалау қолжетімді.

Академиялық адалдық

«Тұран» университетінің басты құндылықтарының бірі – академиялық адалдық. «Тұран» университеті барлық студенттерден оқу және ғылым қызметіне деген талпынысты, алаяқтық пен жалған сөйлеуден аулақ болуды күтеді. Университеттің әкімшілік қызметкерлері мен барлық оқытушылары академиялық адалдықтың қатаң стандарттарын ұстанады. Бұл стандарттардан ауытқыған кез келген жағдайлар академиялық опасыздық актісі тұрғысында түсіндіріледі және академиялық адалдық Кодексі мен студенттің ары Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Академиялық адалдық ашықтық, айқындық, әділдік және этикалық қағида принципіне негізделген білім беру ортасын нығайтуға шақырады.

«Тұран» университетінде білім алушылар мен оқытушылардың қарым-қатынасын реттеп отыратын әдеп жөніндегі Тәртіп кеңесі жұмыс жасайды. Оқытушылар мен білім алушылардың тарапынан бұзушылық байқалғанда немесе академиялық адалдыққа қатысты сұрақтар туындаса, аталған орган сұрақтардың шешімін табу мақсатында модератор болады.

Сонымен қатар университет студенттерін өз мансап жолында құндылықтарын дағдыландырғанына, тәртіп стандарттарына және ынталандыруға жауапкершілігін мойындайды.

«Тұран» университеті студенттерінен академиялық адалдықтың стандарттарын ұстануды күтеді. Университет талаптар орындалмаған жағдайда Саясатпен анықталғандай, оқудан шығару тәртіптік жазасын қолдануға құқығы бар.

Білім алушыларға төмендегілерді жасауға рұқсат етілмейді:

  • алаяқтық;
  • емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған материалдарды қолдануға және емтиханға рұқсат етілмеген заттарға қол жеткізуге немесе алуға;
  • жалған немесе қандай-да бір жағдайлармен өзгертілген тіркелу деректерін (логинді, құпиясөзді) жіберуге;
  • плагиатқа (дереккөзді көрсетпей, ғаламтордан материалдарды көшіруге, басқа біреудің жұмысын толық немесе бөлігін өзімдікі деп ұрлап ұсынуға );
  • опасыз жандардың көмектесу актісі (соның ішінде тікелей, сайттар арқылы құжатпен алмасу немесе басқа да дереккөздер арқылы тест орындау, курс тапсырмалары, басқа студенттерге арналған курстық және дипломдық жұмыстар).

Университетте кез келген кемсітушіліктің түріне, соның ішінде әлеуметтік, гендерлік, нәсілдік, этникалық, діни кемсітушілікке жол жоқ!