Алматы қ.
Сатпаева көш.16-18, 18а

info@turan-edu.kz

+7 727 260 40 00

Аудармалар және қалпына келтіру

  1. /
  2. Аудармалар және қалпына келтіру

«Тұран» университетінің Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» туралы ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес дайындалған.

Ереже «Тұран» университетінің «Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» тәртібін анықтайды.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • «Тұран» университетінде күндізгі оқу нысанына мемлекеттік аттестациядан өткен басқа жоғарғы оқу орындарынан ауысу жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім грантының иегерлері және барлық оқу мерзімі бойынша GPA 2,33 -тен кем емес студенттердің ауысу құқығы басым.
    • Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады.
    • Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.
    • Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі – анықтама) көрсетілген, оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.
    • Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
    • Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі – КТ) сертификатын ұсынады.
    • Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
      Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.
    • Жазғы семестрде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі.
  2. ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ
    • Егер жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) білім алушылары жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
    • Білім алушының ЖОО-да белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA – Grade Point Average) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.

Сондай-ак, білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасында  нормативтік-құқықтық актілермен тыйым салынбаған кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады.

  • Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады.

Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.

  • Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

Сынақ ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі.

  • Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру оқу жылының қорытындылары бойынша (аралық аттестаттау) жазғы семестр нәтижелерін және алынған орташа үлгерім балдарын (GPA – Grade Point Average) ескере отырып жүзеге асырылады.
  • Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.
  • Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша білім алушылар академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру грантын немесе мемлекеттік тапсырыс орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды (бұл жағдайда студентке шәкіртақы берілмейді).
  • Білім беру гранты бойынша білім алушы қайта оқу жылына қалдырылған жағдайда білім беру грантынан айырылады және оқуды әрі қарай ақылы негізде жалғастырады.
  • Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады.

«Тұран» университетіне бекітілген білім беру гранты бойынша бағыттық орындардағы білім алушылар басқа жоғарғы оқу орнына тек ақылы түрде ауысады.

  • Білім алушылардың басқа ЖОО-нан «Тұран» университетіне ауысу рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-нан «Тұран» университетіне ауысуға ниет білдірген білім алушы өзі білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, «Тұран» университетінің ректорына өтініш білдіреді;
2) «Тұран» университеті ректорының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу- ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегері куәлігінің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
4) факультет деканы (институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге жетекшілік жасайтын бөлімше басшысы, оқу – ісі жөніндегі проректор, сыртқы байланыстар, халықаралық аккредитация және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректор (магистратура, докторантура), ЖОО басшысы қойған бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

5) Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар және докторанттардың басқа ЖОО-на ауысуы білім беру саласындағы өкілетті органдардың қайта қарауының негізінде іске асырылады.

6) Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар және докторанттардың басқа ЖОО-на ауысуы іске асырылған жағдайда, ректордың бұйрығы №110 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының үлгілік Ережелерінің 33 – тармағына сәйкес білім беру саласындағы өкілетті органның шешімінен кейін шығарылады.

2.11. «Тұран» университеті ректорының бұйрығы шыққан күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-на оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

2.12. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейін «Тұран» университетіне ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жолдайды.

2.13. Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипттің көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады.
2.14. Білім алушы «Тұран» университетіне басқа ЖОО-нан білім беру гранты негізінде ауыстыру кезінде университет ректоры білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ЖОО-ның қаржыландыру көлемін түзету үшін ұсынады.

2.15. Білім беру гранты негізінде білім алушылардың төменгі курсқа ауысуы тек ақылы негізде іске асырылады.

2.16. Білім алушының ақылы түрде ауысуы кезінде «Тұран» университеті мен білім алушының арасында келісім шарт бекітіледі.

2.17. Білім алушылардың бір мамандықтан басқа мамандыққа, оқудың бір нысанынан басқа нысанына ауысуы тек ақылы түрде жүзеге асырылады.

2.18. Ақылы түрде білім алушылардың мамандық және оқу нысаны бойынша университеттің ішіндегі ауысулары келісім шартқа сәйкес өзгерістер енгізілуімен және ректордың бұйрығымен бекітіледі.

2.19.Жұмыс жоспарларының арасындағы пәндердің академиялық айырмашылықтың тапсырылуының реті мен мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылына бекітіледі және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.

2.20. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап, төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.

2.21. Білім алушылар қатарына қайта қабылдану және академиялық айырмашылықты тапсыру тек ақылы түрде жүзеге асырылады.

2.22. Оқуға қайта қабылдау рәсімі келесі ретте орындалады:

1) Білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетіні жөнінде «Тұран» университетінің ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдану туралы өтінішке Анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі.

2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
3) факультет деканы (институт директоры), офис-тіркеуші, академиялық мәселелерге жетекшілік жасайтын бөлімше басшысы, оқу -ісі жөніндегі проректор, сыртқы байланыстар, халықаралық аккредитация және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректор (магистратура, докторантура), ЖОО басшысы қойған бұрыштамаларға сәйкес білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

2.23. Егер «Тұран» университетінің білім алушысы басқа ЖОО-на қайта қабылданған жағдайда университет ректоры ЖОО-нан оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұраудың негізінде өзіне Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесі мен студенттік билетін және түгендеу қағазын қалдырып, түпнұсқасын қабылдауға ЖОО-на жібереді.

2.24. Оқу кезеңінде пайда болған ауру нәтижесінде берілген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім беру гранты бойынша білім алушы бір мамандықтан екіншісіне білім беру тапсырысы бойынша бос орынға ауысады.